Сендердің тарихың

Сәлем, достар!

Сіздердің көргендеріңізді біз де көргіміз келеді.

Суреттеріңізбен бөлісіңіздерші, біз таңдап, ең мықтысын жәрия етеміз. Суретке түсіруді үйреніп жүрсеңіз де, не жәй суретке түсіру сіздің жақсы көретін ісіңіз болса, жасаған жұмыстарыңызды көрсетіп, сіздердің көздеріңізбен өмірді бақылауға мүмкіндік беріңіздерші.

Дүние жүзиндегі жастардың өмірін көрсете алатындай және де олардың ересек өмірге жетелеген мәдениеті мен айналасын қоршаған дүниені рәсімдеп сақтайтын суреттер жинағын құрастыру үстіндеміз. Осы жобаны енді ғана бастадық. Көп созбай-ақ, қысқасын айтсақ, сурет жарысының ережесі төменде жазылған.

Сонымен, жолыңыз болмаған жағдайда сіздің жұмысыңыз тек жәрияланбай қалады, алайда сізге кәсіби суретшылер ақылын айтып, талантыңызды дамытуға үлес қосады. Әрине, алған ақылды қоланып, қайтадан суреттеріңізді жібере аласыз. Бұл жоба түгелдей суретшілерге  кәсіби суретшілердің бақылауымен суреттер жинағын жасауды үйретеді.

Ал, бағыңыз жаңған жағдайда сіздің жұмысыңыз жәрияланады, жетістігіңізді достарыңызға көрсетіп, мақтана аласыз. Сіздерді қайдам, мен өзім дәл сол себептен суретші болдым. Одан қалса, біз сізге кітап басылып шыққанда оның электрондық көшірмесін беруге кепілдік береміз.  Бәрінен де маңыздысы, сіз өз тарихыңызды жәриалаумен қатар, өз көрмеңізге ие боласыз.

Ал енді басты ережелер: сіздің жасыңыз 19 дан аспауы керек.  Егер 19 дан асып кеткен болсаңыз, уақытыңызды алғаныма кешірім сұраймын. Бірақ, сіз әлі де  өзіңіз танитын он тоғыздан аспаған жақын бауырларыңызды, достарыңызды қанаттарндырып, осы жобаға қатыстырып, жетекшілік ете аласыз.

Екінші ереже, ең маңызды ереже: сіз шын сүйетін нәрсеңіздің суретін ғана жіберіңіз. Әдемі заттың бейнесін ғана емес, сіздің жаныңызға жақын болатын, сізбен ерекше әсер қалдырып, сырласатын заттың бейнесін жіберіңіз. Біз суреттің астарындағы тарихты тыңдауды мақсат етеміз (неге ол зат сізге қымбат екенін түсіндіретіндей болу керек). Әр суреттің төмен жағында екі ауыз сөйлемге арналған орын болады. Мәселен, жаныңдай сүйетін адамның портреті болса, онда ол – тамаша, егер сурет саған еш әсер бермесе, онда ол – жарамайды.  Саған мағынасыз заттың біз үшін де маңызы жоқ.  Сондықтан да сіздің жаныңызды елжірететін, жүрегіңізді қаттырақ соқтыратын суретті жіберіңіз.

Ал, фотокамераны қолға ал да, баста… ой, тоқта, тоқта тағы да айтарым бар екен: кем дегенде биіктігі не ұзындығы бойынша 1000 пиксель болуы, JPEG немесе JPG форматында болуы тиіс. Еш жөндеу керек емес, еш басып шығару, еш фильм жасау, әсіресе, еш клип жасау керек емес.

Тағы да өтінетінім: “Бізді аяп, бір жібергенде он суреттен артық жибермеші!”

Осымен болды;

Балақайлар, ал кеттік, жұмысқа кірісейік, қолдарыңыздан не келетінін көрсетіңдерші!

Жолдарыңыз болсын!

Достым, менің ең алғаш рет суретімді осындай жобаға жіберген кезім ұмытылмайды. Әрқашан сол суретім көзіме ерекшеленіп тұрады, оны мақтан тұтамын.

Айтпақшы, достар, менің атып Тим.

Сіздің атыңыз

Жасыңыз (қажет ақпарат)

Мемлекет (қажет ақпарат)

Сіздің хатыңыз (Қажет ақпарат)

Суретіңізді еңгізіңіз (қажет ақпарат)

Я принимаю эти условия.